Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 85 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 11 сәуір күнгі жағдай бойынша 85 114 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 192 азаматтан індет анықталып, 183 науқас сауығып шыққаны тіркелген.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандар жалпы көрсеткіші 82 943-ке жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 1537 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 229-ның жағдайы ауыр, ал 104 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.