Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 77,7 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 12 қаңтар күнгі жағдай бойынша 77 716 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 53 азаматтан індет анықталған. 63 жан сауығып шығып, 1 науқас аурудан қаза болғандығы хабарланды.
Ел аумағында сауыққандар жалпы көрсеткіші 76 197 құрауда. Ал өлім саны 618-ге жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 901 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 158-нің жағдайы ауыр, ал 32 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.
Өзбекстандағы коронавирусқа қарсы Қытайдың Anhui Zhifei Loncom биофармацевтикалық компаниясы шығарған ZF2001 рекомбинантты вакцинасының ІІІ фазалық клиникалық сынақтары аясында қатысқан еріктілердің жалпы саны 11 қаңтардағы жағдай бойынша 1653 адамға жеткені хабарланды.