Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 70,4 мыңнан асты
Өзбекстанда 16 қараша күнгі жағдай бойынша тәулік бойы 201 азамат корнавирус жұқтырып, жалпы статистика бойынша елдегі covid-19 расталған көрсеткіш 70 444-ке жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша республикада өткен тәулікте 208 науқас емделіп шыққан. Қазірде сауыққандар қатары 67 734 кісіні құрауда.
Дәл осы күнгі жағдай бойынша коронавирус ауруын жұқтырғандар арасында өлім жағдайы болмады. Айта кету керек, бұл Өзбекстанда 3 шілдеден бастап (136 күн) бүгінге дейінгі аралықта тіркелген алғашқы жағдай. Қазіргі кезде өлім саны бойынша жалпы көрсеткіш 598-ге жеткен.