Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 241 мыңнан асты
11:38 / 2022-07-03

Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 241 мыңнан асты. Өткен тәулікте елдің 13 аймағынан 100-ге жуық азаматта коронавиурс анықталған.

«2022 жылдың 2 шілде күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 241 040 (+95) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Соңғы уақытта республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейіп келеді.

Жаңадан індет жұқтырғандар:

  • Қарақалпақстан Р – 5 адам
  • Әндіжан облысы - 4 адам
  • Бұхара облысы - 6 адам
  • Самарқанд облысы - 7 адам
  • Сұрхандария облысы - 6 адам
  • Қашқадария облысы - 4 адам
  • Жызақ облысы - 5 адам
  • Наманган облысы - 8 адам
  • Науаи облысы - 4 адам
  • Хорезм облысы - 6 адам
  • Ташкент облысы - 5 адам
  • Ташкент қаласы - 25 адамда анықталған.

Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың алты аймағынан 48 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 238 191-ге жеткені айтылады.

Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.