Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 240 мыңнан асты
Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 240 мыңнан асты. Кеше елдің 12 аймағынан 94 азаматта коронавиурс анықталған.
Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 240 мыңнан асты. Кеше елдің 12 аймағынан 94 азаматта коронавиурс анықталған.
«2022 жылдың 23 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 240 087 (+94) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Соңғы уақытта республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейіп келеді.
Жаңадан індет жұқтырғандар:
- Қарақалпақстан Р – 4 адам
- Әндіжан облысы - 4 адам
- Бұхара облысы - 6 адам
- Самарқанд облысы - 8 адам
- Сұрхандария облысы - 5 адам
- Қашқадария облысы - 8 адам
- Жызақ облысы - 3 адам
- Наманган облысы - 4 адам
- Науаи облысы - 4 адам
- Ташкент облысы - 5 адам
- Ташкент қаласы - 41 адамда анықталған.
Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың бес аймағынан 27 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 838-ге жеткені айтылады.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.