Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 225 мыңнан асты
10:41 / 2022-02-02

Өзбекстанда кеше тәулік бойы 1087 адамда коронавирус анықталып, 3 науқас қайтыс болған.

«2022 жылдың 1 ақпан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 225 110 (+1087) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республикада 301 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. Сонымен қатар, өткен тәулікте тағы 209 адам пневмониямен ауырған.

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 210 647-ге жетіп, құрбандар саны 1571 құрауда.