Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 220 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 28 қаңтар күнгі жағдай бойынша 220 815 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте республика бойынша 1152 азаматтан індет анықталған және 363 науқас сауығып шығып, 4 ауру азамат қаза тапқаны белгілі болды.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандардың саны 209 780-ге жетіп, жалпы сауығу деңгейі 958 пайызды құрауда. Ал өлім саны 1558-ге жеткен.
Сонымен қатар, кеше 247 азаматқа пневмония диагнозы қойылған.