Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 166 мыңнан асты
11:04 / 2021-09-15

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Өзбекстанда коронавирустық ауру жұқтырғандар саны 604-ке, ал пневмония анықталғандар саны 110-ға өскен. Екі аурудан 7 азамат көз жұмған.

«2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 166 025 (+604) жетті», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек өткен тәулікте 110 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 25 681-ге жеткен. Кеше осы аурудан 2 науқас қайтыс болып, қазірге дейін 208 кісі көз жұмған.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше републикада 618 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 1568 377-ге жеткені айтылады.

15 қыркүйек күні 5 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, жалпы өлім саны 1169 құрауда.