Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 142 мынан асты
11:59 / 2021-08-14

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Өзбекстанда коронавирустық ауру жұқтырғандар саны 966-ға жетіп, ал пневмония анықталғандар саны 529 құраған.

«2021 жылдың 13 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 142 124 (+966) жетті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеше 529 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 17 414-ке жеткен. Кеше осы аурудан 3 науқас қайтыс болып, қазірге дейін 117 кісі көз жұмған.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, өткен тәулікте републикада 921 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 135 228-ге жеткені айтылады.

Өткен тәулікте 6 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, олардың саны 970 құрауда.