Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 120 мыңға жуықтады
Өзбекстанда 17 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар 507 азаматқа көбейген және 436 кісіде пневмония анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде, «2021 жыл 17 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 119 388 адамға жетті», - делінеді.
Өткен тәулікте ел аумағында 478 азамат індеттен сауығып, 3 науқас қайтыс болды.
Соңғы дерек бойынша қазіргі таңда республикада сауыққандар қатары 114 303-ке жеткен болса, коронавирус құрбандарының саны 796-ны құрауда.