Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 113 мыңнан асты
Өзбекстанда 4 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар 475 азаматқа көбейген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде, «2021 жыл 4 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 072 адамға жетті», - делінген.
Өткен тәулікте ел аумағында 304 азамат індеттен сауығып, 4 науқас қайтыс болды.
Соңғы мәлімет бойынша қазіргі таңда республикада сауыққандар қатары 109 068-ге жеткен болса, коронавирус құрбандарының саны 751-ді құрауда.