Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 108 мыңнан асты
Өзбекстанда 24 маусым күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар 476 азаматқа көбейген. Бұл көрсеткіш жыл басынан бергі рекордты вирус жұқтыру жағдайы.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде, «2021 жыл 24 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 108 184 адамға жетті», - делінген.
Өткен тәулікте ел аумағында 535 азамат індеттен сауығып, екі науқас қайтыс болды.
Мәлімет бойынша қазіргі таңда республикада сауыққандар қатары 104 007-ге жеткен болса, коронавирус құрбандарының саны 725-ті құрауда.
Бүгінде республикадағы ауруханаларда 3452 науқас дәрігерлер бақылауында ем қабылдауда.