Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 102 605-ке жетті
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте республика бойынша 243 жаңа жағдай тіркелгенін хабарлады.
«2021 жыл 9 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 102 605 (+201) адамға жетті», - делінген министрлік ақпаратында.
Ал, кеше елдегі сауыққандар қатары 191 азаматқа көбейіп, олардың жалпы саны 98 592-ге жеткен.
Соңғы мәлімет бойынша елде тағы бір азаматтың өлімі тіркелген. Қазірде коронавирус құрбандарының саны 702-ні құрауда.
Бүгінде республикадағы ауруханаларда 3311 науқас дәрігерлер бақылауында ем қабылдауда.