Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар қатары өсті
10:29 / 2022-06-17

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны өсті. Кеше инфекция жұқтырған 59 азамат тіркелген.

«2022 жылдың 16 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 239 435 (+59) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (2 адам), Бұхара (1 адам), Самарқанд (2 адам), Сұрхандария (4 адам), Ферғана (1 адам), Ташкент облыстарында (4 адам) және Ташкент қаласында (45 адам) анықталған.

Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың төрт аймағынан 37 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 549-ға жеткені айтылады.

Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.