Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар 101 мыңнан асты
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте республика бойынша 201 жаңа жағдай тіркелгенін хабарлады.
«2021 жыл 3 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 101 198 (+201) адамға жетті», - делінген министрлік ақпаратында.
Ал, кеше елдегі сауыққандар қатары 188 азамат тіркеліп, олардың жалпы саны 97 077-ге жеткен.
Соңғы мәлімет бойынша елде тағы екі азаматтың өлімі тіркелген. Қазірде коронавирус құрбандарының саны 695-ті құрауда.
Бүгінде республикадағы ауруханаларда 3426 науқас дәрігерлер бақылауында ем қабылдауда.