Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырған саны 125 мыңға жетті
Өзбекстанда 25 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар 705 азаматқа көбейген және 482 кісіде пневмония анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде, «2021 жыл 25 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 124 995 адамға жетті», - делінеді.
Өткен тәулікте ел аумағында 811 азамат індеттен сауығып, сауығу деңгейі 95 пайызды құрауда. Ал осы күні тағыда 7 науқас қайтыс болған.
Соңғы дерек бойынша қазіргі таңда республикада аурудан айыққандар қатары 119 449-ға жеткен болса, коронавирустан 839 жан құрбан болды.