Коронавирус: Өзбекстанда науқастану жағдайы азайып келеді
Денсаулық сақтау министрлігі пандемия басталғанан бері Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150 мыңнан асты деп хабарлады. Күнделікті жағдайлардың саны күн санап азайып келеді.
«2021 жылдың 23 тамызындағы мәлімет бойынша, Өзбекстанда тіркелген коронавирус инфекциясының саны 150 683 (+807) құрауда», - делінген ДСМ хабарламасында.
Кеше тәулік бойы 321 азаматта пневмония анықталған болып, науқастардың 3 көз жұмған. Бүгінге дейін осы аурудан өлім саны 148 жетті. Қазірде жалпы пневмония бойынша науқастар саны 21 434 жеткен және олардың 14 003 сауығып шыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте республика бойынша 763 азамат сауығып, коронавирустан 7 науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 143 395-ке жетіп, құрбандар саны 1035 құрауда.