Коронавирус: Өзбекстанда науқастар саны 181 кісіге жетті
15 наурыздан бастап бүгінге дейін 12 азамат аурудан емделіп оңалту орталығына жіберілді
1 суәрдің соңғы дерегіне сай республика аумағында коронавирус індетін жұқтырған жандар қатары 9 кісіге өсіп, 181 кісіге жеткен.
15 наурыздан бастап бүгінге дейін 12 азамат аурудан емделіп оңалту орталығына жіберілді. Тағы 10 науқас жуық арада сауығады. Ал ел ішіндегі карантинде жатқандар арасында 5 науқастың жағдайы ауыр.
Қазіргі уақытта Ташкент қаласынан бөлек, Ферғана, Наманган, Әндіжан, Хорезм, Бұхара, Қашқадария және Науаиы облыстарында коронавирус диагнозы қойылған 167 науқас емделуде.