Коронавирус: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 80 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2 наурыз күнгі жағдай бойынша 80 006 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 45 азаматтан індет анықталып, 36 науқас сауығып шыққан.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандар жалпы көрсеткіші 78 549-ға жетіп, өл өлім саны 622 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 835 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 146-ның жағдайы ауыр, ал 27 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.