Коронавирус: Өзбекстанда инфекция жұқтырғандар саны өсіп келеді
Өзбекстанда инфекция жұқтырғандар саны күн өткен сайын өсіп келеді. Кеше елдің 13 аймағынан 133 азаматта коронавиурс анықталған.
«2022 жылдың 26 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 240 478 (+133) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Соңғы уақытта республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейіп келеді.
Жаңадан індет жұқтырғандар:
- Қарақалпақстан Р – 2 адам
- Әндіжан облысы - 1 адам
- Бұхара облысы - 4 адам
- Самарқанд облысы - 13 адам
- Сырдария облысы - 4 адам
- Қашқадария облысы - 15 адам
- Жызақ облысы - 6 адам
- Наманган облысы - 5 адам
- Науаи облысы - 2 адам
- Хорезм облысы – 5 адам
- Ташкент облысы - 8 адам
- Ташкент қаласы - 47 адамда анықталған.
Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың үш аймағынан 21 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 903-ке жеткені айтылады.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.