Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 6315-ке жетті
Бүгінге дейін ауруға шалдыққандардың 69 пайызы сауығып шыққаны айтылады
21 маусымда тәулік бойы республикада 162 вирус жұқтырған жан тіркелген.
ДСМ-нің кешкі қорытынды жаңалықтары бойынша Өзбекстанда індет расталған жағдайдың жалпы саны 6315-ке жеткені және олардан бүгінге дейін 4377 азамат немесе ауруға шалдыққандардың 69 пайызы сауығып шыққаны айтылады.
Елде коронавирустың тіркелгелі індеттен 19 жан вирустан қаза тапқан болып, қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 1919 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олар арасында 11 науқастың жағдайы ауыр, оның 3 өте ауыр халде, делінген министрлік хабарында.