Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 54 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 54,4 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 54,4 мыңнан асты
Денсаулық сақтау министрлігінің 25 қыркүйектегі кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін 496 жаңа вирус жұқтырған жағдай тіркеліп, 513 жан аурудан сауығып шықты және 3 науқас көз жұмған.
Соңғы мәліметтер бойынша қазірде жалпы covid-19 белгісі анықталғандар саны 54 462-ге жетті. Одан 50 954 кісі емделіп шыққан болса, өлім көрсеткіші 450-ді құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 3058 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалып ем қабылдауда.