Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 35 мыңнан асты
Қазіргі кезде елдегі жалпы сауыққандар саны 30 973 құрауда, ал аурудан қаза болған 232 жағдай тіркелген
Өзбекстанда 16 тамыз күні тәулік бойы 628 коронавирус жұқтырғандар жан тіркеліп елдегі індет жұқтырғандар саны 35 329-ға жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарына сай республикада бүгін 930 науқас емделіп шығып, 6 ауру жан қайтыс болғаны айтылған.
Қазіргі кезде елдегі жалпы сауыққандар саны 30 973 құрауда, ал аурудан қаза болған 232 жағдай тіркелген.
Бүгінде республика аумағында 4124 ауру жан дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 813-нің жағдайы ауыр, 234 азаматтың хәлі өте ауыр екені хабарланған.