English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 33 мыңнан асты
23:52 / 2020-08-13

Өзбекстанда қатарынан екінші күн таулік бойы 1500-ден астам науқас емделіп шықты


Өзбекстанда қатарынан екінші күн таулік бойы 1500-ден астам науқас емделіп шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің 13 тамыз күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада 669 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген. Олардың барлығы дене қызуы бар екендігіне байланысты профилактикалық мақсатта және коронавирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болғандығы себеп сынама ретінде алынған азаматтар арасында анықталған. Бұдан бөлек 5 науқас қайтыс болғаны айтылған.

Қазіргі кезде елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 33 323-ке жетіп, олардан 27 213 кісі сауығып шықты. Бүгінге дейін 216 өлім жағдай тіркелген.

Дәл қазіргі сәтте республика аумағында 5894 ауру жан дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 1340-ның жағдайы ауыр, 400 азаматтың хәлі өте ауыр екені айтылған.