Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 21 мыңға жуықтады
Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстанда 11 мыңнан астам жан сауығып шыққан
Денсаулық сақтау министрлігінің 27 шілде күнгі таңғы хабарына сай Республика аумағында тағыда 289 жаңа індет жұқтырған жағдай тіркеліп, жалпы науқастық белгілері анықталғандар саны 20 820-ға жетті.
Бүгінге дейін 11 105 науқас емделіп шыққан болса, аурудан 117 жан індеттен көз жұмған.
Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстандағы емханаларда 9598 науқас дәрігерлер бақылауында қалып, олар арасында 152 азаматтың жағдайы ауыр, 65 өте ауыр хәлде екендігі айтылады министрлік хабарында.