Коронавирус: Өзбекстанда эпидахуал жақсарып келеді
15 ақпанда Өзбекстанда 296 адамда коронавирус диагнозы қойылып, елде пандемия басталғалы бері ресми түрде коронавирус жұқтырғандар саны 234 359-ға жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңадан ауру жұқтырғандар 14 аймақтан тіркелген болып, олар арасында ең көбі Ташкент қаласында анықталған – 157 адам. Өткен айдың дәл осы күндерімен салыстырғанда коронавирустық жағдай біршама жақсарып кележатқаны байқалады.
ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республиканың 14 аймағынан 1310 азамат сауығып, 2 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 220 466-ға жетіп, құрбандар саны 1609 құрауда.
Сонымен қатар кеше елде 52 азаматқа пневмония диагнозы қойылған.