Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда экспорт және импорт сауда айналымы шектелмейді
11:09 / 2020-03-16

Сондай-ақ Өзбекстандағы барлық базарлар күнделікті жұмыс режимінде жұмыс істейтін болады


15 наурызда Өзбекстан аумағында алғашқы «Covid-19» коронавирусының анықталуына байланысты шетелдер мен әуе және автокөлік қатынасына 16 наурыздан бастап шектеу қойылды.

Алайда бұл шектеулер жүк автокөліктері, әуе, темір жол, өзен транспорт құралдарында жүк тасымалымен айналысатын азаматтар мен олардың көлік құралдары және сыртқы сауда қызметіне қатысты емес. Шекаралық өткізу пукнттерінде осы тасымалдарды жүзеге асыратын адамдар мен олардың көліктері тиісті түрде тексеріліп, ел аумағы арқылы өтуіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ Өзбекстандағы базарлар жабылмайды. Барлық базар әр күнгі жұмыс режимінде жұмыс жасап, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін болады. Осындай жағдайда қолдан бағаны асыратын саудагерлерге қатаң түрде жаза қолданылады, деп мәлімдеген Мемлекттік сауда комитетінің басшысы Бехзод Мусаев.