Коронавирус: Өзбекстанда Covid-19 құрбандарының саны 700-ден асты
8 маусым Өзбекстанда коронавирустан тағы екі азамат қаза болып, жалпы құрбандар саны 701-ге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте коронавирустан сауыққандар саны жаңадан ауру жұқтырғандар санынан көп тіркелген. Дерек бойынша кеше ел аумағында 316 азамат індеттен сауғып шыққаны айтылған болып, бүгінде олардың жалпы саны 98 445 құрауда.
Ал, өткен тәулікте республиканың 13 аймағынан 199 азаматта індет анықталған. Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны қазір 102 362-ге жетті.
Дәл қазіргі сәтте республикадағы ауруханаларда жалпы 3216 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда.