Коронавирус: Өзбекстанда Covid-19 науқастарының саны 188 мыңнан асты
Өзбекстанда 7 қараша күні 245 азаматта коронавирус анықталып, пневмония жағдайы тіркелмеді.
«2021 жылдың 7 қараша күнгі жағдай бойынша, Өзбекстанда тіркелген коронавирус инфекциясының саны 188 169 (+245) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Өткен тәулікте республика бойынша 273 азамат сауығып, коронавирустан 2 науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 184 242-ге жетіп, құрбандар саны 1340 құрауда.