Коронавирус: Өзбекстанда Covid-19 науқастарының саны 184,5 мыңнан асты
Өзбекстанда 26 қазан күні 330 азаматта коронавирус анықталып, елдегі індет жұқтырғандардың жалпы саны 184 563-ке жетті.
«2021 жылдың 26 қазан күнгі жағдай бойынша, Өзбекстанда тіркелген коронавирус инфекциясының саны 184 563 (+330) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Кеше 3 азаматта пневмония анықталған болып, науқастардың 8 сауығып шыққан. Қазірде жалпы пневмония науқастар саны 27 627 жеткен және олардың 26 117 сауығып шықты.
Сондай-ақ, өткен тәулікте республика бойынша 460 азамат сауығып, коронавирустан 3 науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 180 305-ке жетіп, құрбандар саны 1312 құрауда.