Коронавирус: Өзбекстанда Covid-19 науқастарының саны 150 мыңға жетті
Өзбекстанда 22 тамыз күні 818 азаматта коронавирус анықталып, елдегі індет жұқтырғандардың жалпы саны 149 876-ға жетті. Коронавирус және пневмониядан 11 кісі қаза болған.
«2021 жылдың 22 тамызы күнгі жағдай бойынша, Өзбекстанда тіркелген коронавирус инфекциясының саны 149 876 (+818) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Бұдан бөлек кеше 349 азаматта пневмония анықталған болып, науқастардың 4 көз жұмған. Бүгінге дейін осы аурудан өлім саны 145 жетті. Қазірде жалпы пневмония науқастар саны 21 113 жеткен және олардың 13 710 сауығып шыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте республика бойынша 887 азамат сауығып, коронавирустан 7 науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 142632-ге жетіп, құрбандар саны 1028 құрауда.