Коронавирус: Өзбекстанда Covid-19 науқастарының саны 145 мыңнан асты
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Өзбекстанда коронавирустық ауру жұқтырғандар жалпы саны 851-ге, ал пневмония анықталғандар саны 400-ге өскен. Екі аурудан 10 азамат көз жұмған.
«2021 жылдың 17 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 145 615 (+851) жетті», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, кеше 400 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 19 200-ге жеткен. Кеше осы аурудан 3 науқас қайтыс болып, қазірге дейін 129 кісі көз жұмған.
ДСМ-нің соңғы дерегінше, өткен тәулікте републикада 773 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 138 230-ға жеткені айтылады.
Өткен тәулікте 7 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, олардың саны 994 құрауда.