Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда Covid-19 науқастар саны 160 мыңнан асты
11:57 / 2021-09-06

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Өзбекстанда коронавирустық ауру жұқтырғандар жалпы саны 640-қа, ал пневмония анықталғандар саны 123-ге өскен. Екі аурудан 11 азамат көз жұмған.

«2021 жылдың 6 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 160 511 (+640) жетті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеше 123 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 24 602-ге жеткен. Кеше осы аурудан 3 науқас қайтыс болып, қазірге дейін 190 кісі көз жұмған.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, өткен тәулікте републикада 629 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 152 284-ке жеткені айтылады.

6 қыркүйек күні 8 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, жалпы өлім саны 1120 құрауда.