Коронавирус: Өзбекстанда бір тәулікте 400-ден астам індет жұқтырғандар тіркелді
Өзбекстанда 4 мамыр күні 404 азаматта коронавирус анықталып, індет жұқтырғандар саны 92 724-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарында, аурушаңдық Ташкент, Ташкент облысы және Самарқанд облыстарында жоғары деңгейде екені айтылады.
Сондай-ақ осы күні елдің 10 аймағында 277 азамат аурудан сауығып шыққаны тіркелді. Осылайша олардың жалпы саны 88 535-ті құрауда.
Қазір республикадағы ауруханаларда жалпы 3534 науқас дәрігерлер бақылауында.