Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда бір тәулікте 1000-нан астам адамнан індет анықталды
11:10 / 2022-01-17

Өзбекстанда коронавирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 1000-нан асты, бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш.

«2022 жылдың 16 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 206 122 (+1037) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Соңғы 7 күндік жағдайға назар аударсақ, расында республикадағы аурулар саны жылдам өсіп жатқаны байқалады:

  • 10 қаңтар – 425;
  • 11 қаңтар - 604;
  • 12 қаңтар – 714;
  • 13 қаңтар – 824;
  • 14 қаңтар – 876;
  • 15 қаңтар – 912;
  • 16 қаңтар – 1037.

ДСМ-нің соңғы дерегінше 16 қаңтар күні тәулік бойы республикада 448 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. 

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 199 193-ке жетіп, құрбандар саны 1518 құрауда.