Коронавирус: Өзбекстанда ахуал күрделене түсуде
Өзбекстанда коронавирустық эпидахуал күн өткен сайын күрделене түсуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте республикада 425 індет жұқтырған азамат анықталған. Олар қатарында ең көбі 200 адам, Ташкент қаласында тіркелген.
«2022 жылдың 10 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 201 155 (+425) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Содай-ақ, кеше ел аумағында 126 азамат сауығып шықты және 4 науқас қайтыс болған. Қазіргі уақытта республикада сауыққандардың жалпы саны 197 308-ге жетіп, өлім саны 1501 құрауда.