Коронавирус: Өзбекстанда 34 күн дегенде алғаш рет тәуліктік жағдай 800-ден азайды
29 тамызда Өзбекстанда 795 адам коронавирус жұқтырды, ал елде пандемия басталғалы бері коронавирустың ресми расталған жағдайларының саны 155 639-ға жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте 303 азаматта пневмония жағдайы бойынша тіркелген болып, олардың жалпы саны 23 464 жеткен. Қазіргі кезде 15 988 сауығып шыққан. Кеше 2 науқас қайтыс болған. Жалпы пневмониядан бүгінге дейін 168 азаматтың өлімі тіркелді.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 29 тамызда республикада 660 азамат сауығып, 5 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 147 903-ке жетіп, құрбандар саны 1075 құрауда.