Коронавирус: Өзбекстанда 2022 жылда індеттен алғашқы өлім тіркелді
2022 жылда коронавирустан Өзбекстанда алғашқы өлім тіркелді. Бұған дейін аурудан қайтыс болған жағдай 9 күн бұрын анықталған еді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 6 қаңтар күні елде 251 кісі ауру жұқтырған.
«2022 жылдың 6 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 199 758 (+251) жетті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кеше тәулік бойы республикада 93 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 196 851-ге жетіп, құрбандар саны 1488 құрауда.