Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстан Денсаулық сақтау министрі ресми мәлімдеме жасады
21:53 / 2020-01-30

Қытайдан келушілерге шекараны жауып, ол жаққа қарай ешкімді шығармауға тиіспіз...


Қытайдың бүкіл аймағын қамтыған коронавирустың жаңа түрі Макао, Гонконг, Тайван тіпті Тибетті былай алғанда мұхит асып АҚШ, Австралия, Европаның біраз елін шарлап кетті. Төрткүл дүниені тітіреткен тәжівирусының кесірінен Ресей, Монголия, Қырғызстан, Қазақстан, Малайзия сынды бірқатар елдер Қытаймен өз шекарасын жауып азаматтарына виза беруін тоқтатты. Ал бұл жағдайға Өзбекстанда қандай шара қолдануда?

Осы жағдайға байланысты бүгін ресми мәлімдеме жасаған Денсаулық сақтау министрі Алишер Шодмонов өз сөзінде «негізі біздер де Қытайдан келушілерге шекараны жауып, ол жаққа қарай ешкімді шығармауға тиіспіз. Алайда бұл біздің министрліктің құзіретінде еместігінен қолдан келер шара жоқ» деп, коронавирусқа қарсы әуежайда қатаң бақылау күшейтілгенін айтты. Өйткені жаңа түрдегі вирустың жұқпалы екені және оның адам бойында жасырын дәуірі 14 күн бойы жалғасатыны дерттің ауқымдап кету мүмкіндігін арттырады.

Осы обаның алдында әлемнің алып елдері саналатын Қытай мен АҚШ медицинасының мүмкіндігі шамалы болған бір жағдайда шынымен жағдайдың қауіпті екені рас. Мұны 170 жан мерт болып, 8 мыңға жуық азамат ауру жұқтырғанынан да байқау қиын емес.