Коронавирус: Қытайда бәсеңси түсуі көрші елдер мен Еуропада өршуіне себеп болды
Көрші Корея мен Италияда тәжіндетін жұқтырғандар саны күрт асқан
Коронавирустың жаппай тарауына байланысты осыған дейін Қытайдың делік барша аймағында төтенше жағдай жарияланған болатын. Соңғы дерек бойынша қазірде алты аймақта вируспен ауру дәреджесі төмендегені хабарланды. Есесіне көрші Корея мен Италияда тәжіндетін жұқтырғандар саны күрт асқан.
Қытайдың Гуандун және Шанси провинцияларында қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы II деңгейге дейін төмендеген болса, Ляонин, Гуйчжоу, Юньнань және Ганьсу провинциялары III деңгейге түскен. 22 ақпан күнгі мәлімет бойынша Қытайдың 21 аймағында бірде-бір ауру жұқтырған жан тіркелмеген.
Коронавирустың тарау аймағында індеттің күші бәсеңси түскен мен ол көрші ел Креяда және Италияда күрт өсті. 24 ақпандағы Корея денсаулық сақтау министірлігі хабарына сай бір тәулікте 161 жан ауру жұқтырып жалпы 763 кісіге жетті. Олардан жеті ауру көз жұмған. Ал Италияда бұл жағдай 23 ақпанға келіп ел аумағында 152 кісі коронавирус пен ауырғаны анықталып, 26 жанның жағдайы өте ауырлығы баяндалады. Аурудың көп тараған аймағы солтүстікте орналасқан Ломбардия және Венето облыстары болып, оның салдарынан өтуі жоспарланған футбол ойындары мен модалар көрмесі және бірнеше маңызды шаралар тоқтатылған.
Бүгінгі күнге келіп COVID-19 коронавирусы ауруынан қаза болғандар саны 2592 жетті. Қытайдан сырт елдер аумағанда ауруға шалдыққандандардың ең көбі Оң.Корея, Жапония және Италияда тіркелген.