Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Қытайда қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты
12:14 / 2020-02-19

Covid-19 коронавирусын жұқтырған жандардың 80 пайызының ауруы жеңіл


Қытайдың денсаулық сақтау ұлттық коммисиясының хабарлауынша COVID-19 коронавирусы кесірінен қаза тапқандар саны 2010 кісіге жеткен.

Осы індетті жұқтырғандар саны ел ішінде 74 185 мың жағдайы тіркеліп, әлем бойынша олардың саны 75196 мыңға жеткен. Одан айыққандар бір тәулікте 1824 жан болып жалпы 15 мыңға жақындағанын жазады South China Morning Post басылымы. 5,2 мыңнан астам жанның жағдайы ауыр. Статистика бойынша жалпы қаза тапқандардың 1921-і коронавирустың қайнар ошағы саналушы Хубэй провинциясы аймағына тура келген.

Қытайдағы дәрігерлердің Covid-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жанның 44 мың жағдайы зерттеулерінің алғашқы нәтижелерін жариялап онда 80 пайыз емделушінің ауруы жеңіл екенін мәлімдеген.