Коронавирус Қытай түрмесіндегі тұтқындарғада жаппай тараған
Түрмеде коронавирустың алғашқы дерегі 13 ақпанда тіркелген
Бүкіл жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген тәжівирусы қаншама жанның өмірін қиюмен бірге қаншасының денсаулығына залал келтіріп ақыр соңы түрмеге дейін жетіп келген.
ТАСС ақпарат порталының хабарлауынша Қытайдың шығысында орналасқан Шандун провинциясындағы «Жэньчэн» түрмесінде коронавирустың жаңа түрімен ауырған жаппай 200 тұтқын және 7 қауіпсіздік қызметкері бар екендігі анықталды.
Түрмеде коронавирустың алғашқы дерегі 13 ақпанда тіркелген болып, оны ең бірінші күзетші жұқтырған. Басшылық мұның алдын алуға әрекет жасаған мен індет бүкіл түрмеге жайылып үлгерген. Жоғарыдағы айтылған мәліметтер 20 апқан күнгі 2077 адам тексерістер өткен кезде байқалған болып, осы жағдайдан кейін шұғыл түрде түрме басшылығы аурудың тарауына қарсы әрекеттерді бастағанмен түрме басшысы өз қызметінен алынған.
COVID-19 коронавирусының өршуі Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) 2019 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Бүгінгі таңда коронавирус ауруынан қайтыс болғандар саны 2236 адамға жетті, сауыққандар 18 264. Ал инфекция жұқтырғандар жалпы 75,4 мыңнан асты.