French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өткен тәулікте Өзбекстанда тағы 91 адамда індет анықталды
10:47 / 2022-07-08

Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 241,5 мыңға жуықтады. Өткен тәулікте елдің 13 аймағынан 90-нан астам азаматта коронавиурс анықталған.

«2022 жылдың 7 шілде күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 241 468 (+91) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Соңғы уақытта республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейіп келеді.

Жаңадан індет жұқтырғандар:

  • Қарақалпақстан Р – 8 адам
  • Әндіжан облысы - 5 адам
  • Бұхара облысы - 4 адам
  • Самарқанд облысы - 9 адам
  • Сұрхандария облысы - 6 адам
  • Қашқадария облысы - 5 адам
  • Жызақ облысы - 6 адам
  • Наманган облысы – 6 адам
  • Науаи облысы - 4 адам
  • Хорезм облысы - 6 адам
  • Ташкент облысы - 6 адам
  • Ташкент қаласы - 18 адамда анықталған.

Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың жеті аймағынан 72 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 238 514-ге жеткені айтылады.

Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.