Коронавирус: Өткен тәулікте Өзбекстанда 359 азамат ауру жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанда 359 адамда коронавирус жұққаны, 6 адамда пневмония анықталғаны жайлы хабарлады.
«2021 жылдың 24 қазан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 183 928 (+359) жетті», - делінген хабарламада.
Кеше 6 адамда пневмония анықталған. Қазірде науқастық белгілері бар азаматтар қатары 27 624-ке жетсе, одан 26 109 сауыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте күн бойы републикада 265 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 179 487-ге жеткені айтылады.
24 қазанда 2 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, олардың саны 10306 құрауда.