Коронавирус: Өткен тәулікте республиканың 12 аймағынан 206 індет жұқтырғандар анықталды
Өзбекстанда 23 қараша күні республиканың 12 аймағынан 206 індет жұқтырған азамат анықталды.
«2021 жылдың 23 қарашасындағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 191 956 (+206) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республикада 331 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 188 632-ге жетіп, құрбандар саны 1385 құрауда.