Коронавирус: Өткен тәулікте республика аумағында тағы 64 адамда індет анықталды
Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 242,8 мыңнан асты. Өткен тәулікте елдің 12 аймағынан 60-тан астам азаматта коронавиурс анықталған.
«2022 жылдың 25 шілде күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 242 811 (+64) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың сегіз аймағынан 76 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 239 800-ге жеткені айтылады.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.