Коронавирус: Өткен тәулікте республика аумағында тағы 32 адамда індет анықталды
Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 243,3 мыңнан асты. Өткен тәулікте елдің 12 аймағынан 30-дан астам азаматта коронавиурс анықталған.
«2022 жылдың 7 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 243 360 (+32) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Сонымен қатар, өткен демалыс күні республиканың он аймағынан 61 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 240 750-ге жеткені айтылады.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.