Коронавирус: Өткен тәулікте 90 кісіде індет анықталып, 66 науқас сауығып шықты
Өзбекстанда кеше коронавирус жұқтырған 90 азамат тіркеліп, 66 ауру жұқтырған жан сауығып шықты.
«2022 жылдың 4 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 199 361 (+90) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 4 қаңтар күні тәулік бойы республикада 66 азамат сауығып шықты және елдегі сауыққандардың жалпы саны 196 605-ке жеттті.