Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өткен тәулікте 846 кісіде індет анықталып, 11 науқас қайтыс болды
10:52 / 2021-08-26

Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 846, пневмония диагнозы қойылған 353 адам анықталғаны және екі аурудан 11 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.

«2021 жылдың 25 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 152 363 (+846) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Пневмония жағдайы бойынша кеше 353 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 22 144 жетіп, одан 14 660 сауығып шыққан. Өткен тәулікте 4 науқас қайтыс болған. Жалпы пневмониядан бүгінге дейін 156 азаматтың өлімі тіркелді.

ДСМ-нің соңғы дерегінше 25 тамызда республиканың 12 аймағынан 684 азамат сауығып, 7 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. 

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 144 988-ге жетіп, құрбандар саны 1050 құрауда.