Коронавирус: Өткен тәулікте 832 адамда індет анықталып, жалпы науқастар саны 229 мыңнан асты
Өзбекстанда өткен тәулікте 832 адамда коронавирус анықталып, 2 науқас қайтыс болды.
«2022 жылдың 6 ақпан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 229 628(+832) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республиканың 12 аймағынан 466 азамат сауығып, 2 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 212 649-ға жетіп, құрбандар саны 1586 құрауда.
Сонымен қатар кеше елде 134 азаматқа пневмония диагнозы қойылған.